Қазақстанда былтырғы жылы 444,1 млрд теңгеге резеңке және пластмасса бұйымдары өндірілді. Аталмыш бұйымдарды өндірудегі негізгі үлесті, яғни 43 пайызын пластмасса плиталар, табақтар, құбырлар және профильдердің негізгі үлесі 43% құрады.
Есептік кезеңдегі нақты көлем индексі 105%- ға жетті.
Заттай мәндегі ең үлкен өндірісті резеңке конвейерлер мен жетек белдіктері (+12,8%) өндірісі құрады.
Сонымен қатар, резеңке және пластмасса өнімдерінің экспорты 1,9 есе артып, $333,6 млн құрады.
Резеңке және пластмасса бұйымдары нарығының көлемі $2 842 млн (1 296,3 млрд теңге) құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2% - ға артық.
Айта кетейік, резеңке және пластмасса өнімдері бұйымдарының ең көп көлемі Алматы облысында (22%), Астанада (18,6%), Алматыда (11,4%), Қарағанды облысында (8,1%) және Шымкентте (6%) өндірілді.