«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы отандық өнеркәсіптік кәсіпорындарға еңбек өнімділігін арттыру және өнімді ішкі нарыққа ілгерілету бағыттары бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу шараларын жалғастыруда. Ағымдағы жылдың қаңтар айында орталыққа барлығы 43 өтінім келіп түскен. Оларды қараудың нәтижесінде өтелген қаражаттың жалпы сомасы 105,8 млн теңгені құрады.
Атап айтар болсақ, кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындары бойынша 103,8 млн теңге өтелген. Бұл бағыт бойынша өтінімдердің басым бөлігі Астана және Қарағанды облысынан, ал салалық бөліністе - құрылыс және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарынан келіп түскен.
Ішкі нарыққа өнімді ілгерілету бағыты бойынша кәсіпорындардың 2 млн теңгеге шығындары өтелген. Өтінімдердің басым бөлігі Қостанай облысынан, салалық бөліністе - машина жасау кәсіпорындарынан жіберілген.
Сондай-ақ, QazIndustry мамандары тұрақты түрде өнеркәсіп кәсіпорындарына шығындардың бір бөлігін өтеу шарттары мен тетіктерін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осы мақсатта арнайы семинарлар, кәіспорындарға бару және Ашық есік күндері ұйымдастырылады.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша толық ақпаратты https://qazindustry.gov.kz/ ресми сайтынан немесе аптаның әр бейсенбі күні «QazIndustry» АҚ кеңсесінде (Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 17) өткізілетін Ашық есік күндері арқылы білуге болады.