Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру туралы анықтама. (2024 жылғы қаңтар айына)

Шығындардың бір бөлігін өтеуге 24 өтінім түсті, оның ішінде:

- 8 өтінім бойынша өтеу туралы шешім қабылданды (2023 жылы мақұлданған 6 өтінімді ескере отырып);

- 16 өтінім бойынша мемлекеттік қызметті көрсетудің мүмкін еместігі туралы шешім қабылданды. ( 3 өтінім 2023 ж)

- 3 бойынша толық емес өтінім

- 6 өтінім жұмыс барысында

Өтеудің жалпы сомасы 103,8 млн. теңгені құрайды (шарттарға қол қойылғаннан кейін төленеді).

Ақпараттық-кеңестік іс-шаралар шеңберінде 2024 жылы қаңтар-айында:

- өндірістік-инновациялық қызмет субъектілеріне (кіріс телефон қоңыраулары) еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындардың бір бөлігін өтеу шарттары мен тетіктерін түсіндіру бойынша 25 ауызша консультация өткізілді;

- «QazIndustry» АҚ мемлекеттік ынталандыру шараларын түсіндіру бойынша 3 іс-шара өткізілді (Ашық есік күндері, өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдерімен бастамашыл кездесулер) және 1 іс-шараға қатысты ( конференциялар мен форумдар).

- Сондай-ақ, "QazIndustry" АҚ мемлекеттік ынталандыру шараларын түсіндіру бойынша 2 іс-шараға (конференциялар, форумдар) қатысты.

-Жамбыл облысының өндірушілері үшін "QazIndustry "ақ мемлекеттік ынталандыру шаралары" тақырыбында өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін 1 семинар-кеңес өткізілді.

Мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша құрылған WhatsApp (271 қатысушы), Telegram (488 қатысушы) мессенджерлеріндегі чаттарда консультация беру бойынша жұмыс жалғасуда, онда бизнес өкілдері тұрақты және жедел негізде сұрақ/жауап режимінде егжей-тегжейлі консультация алады.