Ағымдағы жылдың 29 ақпаны күні «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ өнеркәсіп саласының өкілдеріне ЕАЭО аясындағы бизнес-қоғамдастық үшін қарастырылған мүмкіндіктер мен механизмдерді түсіндіру мақсатында семинар ұйымдастырады.
Жиын барысында келесі тақырыптар талқыланады:
1. Кедендік-тарифтік реттеу, ЕАЭО шеңберіндегі қорғау шаралары;
2. Мемлекеттік сатып алу үшін Еуразиялық тізілім;
3. ЕАЭО шеңберіндегі бірлескен кооперациялық жобалар үшін қаржылық жәрдемдесу тетігі.
Өнеркәсіп саласының өкілдерін аталмыш іс-шараға қатысуға шақырамыз. Кеңеске қатысу арқылы отандық бизнес өкілдері ЕАЭО шеңберіндегі қолданыстағы тетіктер мен құралдармен танысып қана қоймай, жоғарыда аталған тақырыптар бойынша өз сұрақтарын қойып, жауап алуға мүмкіндік алады.
Аталмыш семинарға қатысамын деушілер және семинарға қосылу үшін сілтеме алу үшін толық мәліметтерді (аты-жөні, ұйымы, лауазымы) b.salmukhametov@qazindustry.gov.kz поштасына жіберу қажет.
Сонымен қатар, осындай семинарлар наурыз айының 14 және 28 күндері де өткізу жоспарланып отырғанын хабарлаймыз.