QazIndustry өкілдері «Жаңартылатын энергия көздері секторын жеткізушілердің жетістіктері мен жаңа технологиялық шешімдері» тақырыбында дөңгелек үстелге қатысты.
Іс-шараны «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы «Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдеріндегі климаттық саясат саласындағы әлеуетті дамыту» GIZ жаһандық жобасының (CDCP) қолдауымен ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелге ҚР Энергетика министрлігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Kazakh invest» ҰК АҚ өкілдері және өндірістік кәсіпорындардың басшылары қатысты.
Кездесу барысында өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы да айтылды. QazIndustry өкілі Айдана Әділсұлтани дөңгелек үстелге қатысушыларға еңбек өнімділігін арттыру және өнімді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы түсіндірді.
Естеріңізге сала кетейік, QazIndustry арқылы кәсіпорындар шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша өтінімдерді қабылдау жыл бойы жүргізіледі. Толық ақпаратты біздің ресми сайтымыздан немесе әр бейсенбі күні Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 17, блок Е мекен жайында ұйымдастырылатын ашық есік күндерінен біле аласыздар.