Ағымдағы жылдың 13 наурызы күні QazIndustry өкілдері Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының бизнес-қауымдастығымен кездесу өткізеді.
Іс-шара барысында мамандар еңбек өнімділігін арттыруға және өнімді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының шарттары мен тетіктері туралы ақпарат береді.
Кездесуге өндірістік объектілердің иелері мен кәсіпкерлер шақырылады. Мамандар шығындардың бір бөлігін өтеу және аталмыш қызметті алу үшін қажетті құжаттарды дайындау тәртібі бойынша сұрақтарға жауап беретін болады.
Кездесу Орал қаласы, Исатай Махамбет көшесі, 84, 2-қабат, (кеңсе-залы) мекенжайы бойынша өтеді. Басталуы сағ. 11.00.
Анықтама телефоны: 8-778-171-24-66 (Айсұлу).