QazIndustry өкілдері өңірлердегі өнеркәсіптік кәсіпорындарға мемлекеттік ынталандыру шараларын түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.
Ағымдағы жылдың 12 наурызы күні QazIndustry мамандары Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлерімен кездесіп, өнеркәсіпті қолдау шаралары және оларды қалай пайдалану керектігі туралы түсіндіретін болады.
Естеріңізге сала кетейік, «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы өнеркәсіп кәсіпорындарына еңбек өнімділігін арттыруға және өнімді ішкі нарыққа ілгерілетуге жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтейді. Осы жылдың қаңтар айында QazIndustry мемлекеттік ынталандыру шаралары ретінде 105 млн теңгеге кәсіпорындар шығындарының бір бөлігін өтеді.
Петропавл қаласында өтетін кездесуге өндірістік объектілердің иелері мен кәсіпкерлер шақырылады. Мамандар шығындардың бір бөлігін өтеу және аталмыш қызметті алу үшін қажетті құжаттарды дайындау тәртібі бойынша сұрақтарға жауап беретін болады.
Кездесу Кәрім Сүтішев көшесі, 60а, «Квартал» БО, 4-қабат мекен-жайы бойынша өтеді. Басталуы сағат 15.00-де.
Анықтама телефоны: +7 701-999-69-86 (Айда).