QazIndustry ЕАЭО шеңберіндегі бизнес үшін мүмкіндіктер туралы түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда

Ағымдағы жылдың 14 наурызы күні «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ өнеркәсіп саласының өкілдеріне ЕАЭО аясындағы бизнес-қоғамдастық үшін қарастырылған мүмкіндіктер мен тетіктерді түсіндіру мақсатындағы кезекті (екінші) ақпараттық семинар ұйымдастырады.

Кездесу сағат 10.00-де ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде өтеді.

Жиын барысында ЕАЭО шеңберіндегі кедендік-тарифтік реттеу және қорғау шаралары, мемлекеттік сатып алу мақсаттары үшін Еуразиялық тізілім, ЕАЭО шеңберіндегі бірлескен кооперациялық жобалар үшін қаржылық жәрдемдесу тетіктері сияқты тақырыптарды талқылау жоспарлануда.

Өнеркәсіп саласының өкілдерін аталмыш іс-шараға қатысуға шақырамыз.

ZOOM-кездесуге қатысу арқылы бизнес өкілдері ЕАЭО шеңберіндегі қолданыстағы тетіктер мен құралдармен танысып қана қоймай, жоғарыда аталған тақырыптар бойынша өз сұрақтарын қойып, жауап алуға мүмкіндік алады.

Аталмыш семинарға қатысамын деушілер және семинарға қосылу үшін сілтеме алу үшін толық мәліметтерді (аты-жөні, ұйымы, лауазымы) m.ussabekova@qazindustry.gov.kz  поштасына жіберу қажет.

Сонымен қатар, осындай келесі семинар наурыз айының 28-і күні өткізу жоспарланып отырғанын хабарлаймыз.