ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі және «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы отандық кәсіпорындарға цифрлық трансформация процестерін жеделдету бағытындағы кешенді қолдау жұмыстарын жалғастыруда.
Мамандар өңірлерде өнеркәсіптік қауымдастықтар мен кәсіпорындардың өкілдерімен көшпелі кездесулер ұйымдастырып, цифрлық трансформация бағыты бойынша тәжірибе және білім алмасады. Сондай-ақ, кездесу барысында цифрландырудың негізгі тетіктері мен Индустрия 4.0 элементтерін енгізу жолдары түсіндіріледі. Мұндай кездесулерде QazIndustry өкілдері өңдеу өнеркәсібіндегі цифрлық трансформацияға бағытталған өз қызметтерін таныстырады.
Ағымдағы жылдың 29 наурызы күні «Qazindustry» АҚ Цифрлық трансформация дирекциясының мамандары Қазақстан және Орталық Азиядағы KPMG компаниясымен бірлесіп, Абай облысының өндірістік бірлестіктері мен кәсіпорындарының өкілдерімен кездесу өткізеді. Іс-шара Семей қаласы, Абай көшесі, 86 (Абай атындағы кітапхана ғимараты) мекен-жайында өтеді. Басталуы-сағат 15.00-де.
Қосымша ақпаратты 8 (7172) 79-33-99 (ішкі. 1191) байланыс телефоны арқылы немесе a.serikpaeva@qazindustry.gov.kz электрондық поштасы арқылы алуға болады.
Осы бағыттағы кездесулерді өзге де өңірлерде ұйымдастыру үшін IT-компаниялар шақырылады. Сіздердің тәжірибе, білім және инновациялық шешімдеріңіз Қазақстанда Индустрия 4.0-дің айтарлықтай дамуына ықпал етеді.