ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі отандық өнеркәсіптің ахуалына байланысты ұлттық баяндаманы әзірлеуде. Онда еліміздегі өнеркәсіптің қазіргі жағдайы мен жекелеген бағыттар бойынша өнеркәсіптік-инновациялық жобаларға қатысты индустриялық даму жөніндегі мәліметтер қамтылады.
Ұлттық баяндама Қазақстандағы өнеркәсіптік саясатты қалыптастырудың негізгі тетігі болып саналады. Құжат кәсіпкерлік орта және қоғам өкілдерімен өзара іс-қимыл негізінде әзірленеді.
Осыған байланысты ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі кәсіпорындардың дамуына әсер ететін факторлар мен өндіріс орындарында туындайтын жүйелік проблемаларды және тәуекелдерді анықтау мақсатында онлайн-сауалнамаға қатысуға шақырады.
Осы сауалнаманың нәтижелері тиісті шешімдерді қабылдау үшін еліміздің басшылығына ұсынылады.
Онлайн-сауалнаманың мемлекеттік тілдегі нұсқасына төмендегі сілтеме арқылы өтуге болады: https://forms.gle/bRARaBMFMX4N9EZX9.
Ал ресми тілдегі нұсқасы https://forms.gle/rQhdSAeJtUa6LXgN7. сілтемесі бойынша қолжетімді.
Сауалнаманы онлайн өту мүмкіндігі болмаған жағдайда, қоса берілген нысанды толтыра аласыз.
Толтырылған сауалнама нысандарын төменде көрсетілген поштаға жіберулеріңізді сұраймыз n.nurgyisayev@qazindustry.gov.kz, A.Yernazarov@qazindustry.gov.kz.
Қосымша ақпаратты келесі телефон нөмірлері арқылы ала аласыздар: 8 (7172) 983788 (ішкі 1073, 1189, 1172), Әлішер Ерназаров 8 702 852 85 38, Нұржан Нұрғысаев 8 707 423 79 69.
Сауалнама нысаны (жүктеу)