Шығындардың бір бөлігін өтеуге 65 өтінім түсті, оның ішінде:
- 11 өтінім бойынша өтеу туралы шешім қабылданды (2023 жылы мақұлданған 6 өтінімді ескере отырып);
- 40 өтінім бойынша мемлекеттік қызметті көрсетудің мүмкін еместігі туралы шешім қабылданды. ( 10 өтінім 2023 ж)
- 14 өтінім бойынша толық емес
- 16 өтінім жұмыс барысында
Өтеудің жалпы сомасы 132,5 млн. теңгені құрайды.
Ақпараттық-кеңестік іс-шаралар шеңберінде 2024 жылы қаңтар-ақпан айында:
- өндірістік-инновациялық қызмет субъектілеріне (кіріс телефон қоңыраулары) еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындардың бір бөлігін өтеу шарттары мен тетіктерін түсіндіру бойынша 55 ауызша консультация өткізілді;
- «QazIndustry» АҚ мемлекеттік ынталандыру шараларын түсіндіру бойынша 6 іс-шара өткізілді (Ашық есік күндері, өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдерімен бастамашыл кездесулер) және 3 іс-шараға қатысты ( конференциялар мен форумдар).
- Сондай-ақ, «QazIndustry» АҚ мемлекеттік ынталандыру шараларын түсіндіру бойынша 2 іс-шараға (конференциялар, форумдар) қатысты.
- Жамбыл облысының өндірушілері үшін «QazIndustry» АҚ мемлекеттік ынталандыру шаралары тақырыбында өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін 1 семинар-кеңес өткізілді.
Сонымен қатар, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ және «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесіп Астана қаласының өнеркәсіп кәсіпорындары үшін 1 вебинар-кеңес өткізілді.
Астана қаласында және Алматы қаласында өнеркәсіптік инновациялық қызметтің 3 кәсіпорнына іс-сапармен қатысты.
Мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша құрылған WhatsApp (271 қатысушы), Telegram (488 қатысушы) мессенджерлеріндегі чаттарда консультация беру бойынша жұмыс жалғасуда, онда бизнес өкілдері тұрақты және жедел негізде сұрақ/жауап режимінде егжей-тегжейлі консультация алады.