Шығындардың бір бөлігін өтеуге 83 өтінім түсті, оның ішінде:
- 16 өтінім бойынша өтеу туралы шешім қабылданды (2023 жылы мақұлданған 6 өтінімді ескере отырып);
- 50 өтінім бойынша мемлекеттік қызметті көрсетудің мүмкін еместігі туралы шешім қабылданды. ( 10 өтінім 2023 ж)
- 18 өтінім бойынша толық емес
- 5 өтінім жұмыс барысында
Өтеудің жалпы сомасы 176,9 млн. теңгені құрайды.
Ақпараттық-кеңестік іс-шаралар шеңберінде 2024 жылы қаңтар-наурыз айында:
- өндірістік-инновациялық қызмет субъектілеріне (кіріс телефон қоңыраулары) еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындардың бір бөлігін өтеу шарттары мен тетіктерін түсіндіру бойынша 103 ауызша консультация өткізілді;
- «QazIndustry» АҚ мемлекеттік ынталандыру шараларын түсіндіру бойынша 11 іс-шара өткізілді (Ашық есік күндері, өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдерімен бастамашыл кездесулер) және 6 іс-шараға қатысты ( конференциялар мен форумдар).
Жамбыл, Солтүстік-Қазақстан, Батыс – Қазақстан облысының өндірушілері үшін «QazIndustry» АҚ мемлекеттік ынталандыру шаралары тақырыбында өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін 3 семинар-кеңес өткізілді.
Сонымен қатар, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ және «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесіп Астана, Шымкент қалаларының, Түркістан облысынының өнеркәсіп кәсіпорындары үшін 3 вебинар-кеңес өткізілді.
Астана, Алматы қалаларында және Солтустік, Батыс Қазақстан облыстарының өнеркәсіптік инновациялық қызметтің 18 кәсіпорнына іс-сапармен қатысты.
Мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша құрылған WhatsApp (271 қатысушы), Telegram (488 қатысушы) мессенджерлеріндегі чаттарда консультация беру бойынша жұмыс жалғасуда, онда бизнес өкілдері тұрақты және жедел негізде сұрақ/жауап режимінде егжей-тегжейлі консультация алады.