Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру туралы анықтама

Шығындардың бір бөлігін өтеуге 47 өтінім түсті, оның ішінде:

- 11 өтінім бойынша өтеу туралы шешім қабылданды, (3 өтінімдер 2023 ж. қарыз);

- 32 өтінім бойынша мемлекеттік қызметті көрсетудің мүмкін еместігі туралы шешім қабылданды. (2023 ж. түскен 7 өтінім)

- 7 өтінім бойынша толық емес

- 7 өтінім жұмыс барысында

Өтеудің жалпы сомасы 2,8 млн теңгені құрайды.

 

Ақпараттық-кеңестік іс-шаралар шеңберінде 2024 жылы қаңтар-наурыз айында:

- өндірістік-инновациялық қызмет субъектілеріне (кіріс телефон қоңыраулары) еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындардың бір бөлігін өтеу шарттары мен тетіктерін түсіндіру бойынша 103 ауызша консультация өткізілді;

- «QazIndustry» АҚ мемлекеттік ынталандыру шараларын түсіндіру бойынша 11 іс-шара өткізілді (Ашық есік күндері, өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдерімен бастамашыл кездесулер) және 6 іс-шараға қатысты ( конференциялар мен форумдар).

 Жамбыл, Солтүстік-Қазақстан, Батыс – Қазақстан облысының өндірушілері үшін «QazIndustry» АҚ мемлекеттік ынталандыру шаралары тақырыбында өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін 3 семинар-кеңес өткізілді.

Сонымен қатар, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ және «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесіп Астана, Шымкент қалаларының, Түркістан облысынының өнеркәсіп кәсіпорындары үшін 3 вебинар-кеңес өткізілді.

Астана, Алматы қалаларында және Солтустік, Батыс Қазақстан облыстарының өнеркәсіптік инновациялық қызметтің 18 кәсіпорнына іс-сапармен қатысты.

         Мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша құрылған WhatsApp (271 қатысушы), Telegram (488 қатысушы) мессенджерлеріндегі чаттарда консультация беру бойынша жұмыс жалғасуда, онда бизнес өкілдері тұрақты және жедел негізде сұрақ/жауап режимінде егжей-тегжейлі консультация алады.