«QazIndustry» АҚ аптаның әр бейсенбі күні мемлекеттік ынталандыру шараларын түсіндіру мақсатында Ашық есік күндерін өткізуде. Ашық есік күндері аясында мамандар өнеркәсіптік кәсіпорындар өкілдеріне ынталандыру шаралары туралы толық ақпарат беріп, сұрақтарына жауап береді.
QazIndustry өкілдері атап өткендей, отандық кәсіпорындар тарапынан мемлекеттік ынталандыру шараларына қызығушылықтары артып келеді.
Өткен бейсенбіде QazIndustry кеңсесіне жемшөп қоспалары мен витаминдер өндірумен айналысатын алматылық Feed Trade компаниясының өкілдері келді. Олар мемлекеттік ынталандыру шараларына қызығушылық танытып, мемлекеттік ынталандыру шараларын қалай алуға болатыны туралы ақпарат алуға келген.
Бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы Арстанбек Сағиев кәсіпорындар еңбек өнімділігін арттыруға немесе өнімді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған шығындарының 40% - на дейін өтей алатындары туралы түсіндірді.
«Егер Сіздің кәсіпорыныңыз өңдеу өнеркәсібі саласына жататын болса, онда сіз мемлекеттік ынталандыру шараларын алуға үміткер бола аласыз. Біз жабдықтарды монтаждауға, процестерді цифрландыруға, шетелдік мамандарды тартуға, сертификаттарды тіркеуге немесе басқа да кәсіпорын шығындарының 40 пайызына дейін өтейміз», - деп түсіндірді А. Сағиев.
Естеріңізге сала кетейік, бизнесті ынталандыру шаралары бойынша толығырақ ақпаратты аптаның әр бейсенбі күні QazIndustry кеңсесінде өтетін Ашық есік күніне келу арқылы, немесе біздің ресми сайт арқылы білуге болады. Біздің мекен - жайымыз: Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 17, Е блогы.