Түркия қазақстандық катодты мысқа деген сұранысты екі есе арттырды

 

Ағымдағы жылдың қаңтар айында катодты мыс экспортының көлемі 42,9%-ға – 29,2 мыңнан 41,7 мың тоннаға дейін өсті. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ  ТМК және химия саласын дамыту дирекциясы хабарлайды.

Өсім көрсеткіші негізінен өнімге деген сұраныстың Түркияда екі есеге (6,6 мыңнан 13 мың тоннаға дейін) және Қытайда - 63,7% - ға (16,3 мыңнан 26,7 мың тоннаға дейін) ұлғаюы есебінен қол жеткізілді.

Отандық мысты тұтынушы негізгі елдердің қатарына Қытай (63%), Түркия (31%) және Латвия (4%) кірді.   

Қазақстандағы катодты мыстың жетекші өндірушілері «Қазақмыс Смэлтинг» (Жезқазған), «Қазмырыш» (Өскемен), «Коунрад Мыс компаниясы» (Балқаш) компаниялары болып табылады.

Катодты мыс электр кабельдері мен сымдарын өндіру үшін электротехникада қолданылады.

 

Катодты мыс экспортының көлемі, тонна

 

Экспорт көлемі

қаңтар. 2023 ж.

қаңтар. 2024 ж.

динамика

Барлығы

29 186

41 705

+42,9%

                  оның ішінде

 

 

 

Қытай

16 331

26 737

+63,7%

Түркия

6 645

13 043

+2 есе

Латвия

100,1

1 903

+19 есе

 

Дереккөз: ҚР СЖРА ҰСБ, ҚР МКК