АБАЙЛАҢЫЗДАР: ФЕЙК!

Құрметті қазақстандықтар!

WhatsApp мессенджері арқылы «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы басшылығының атынан қаражат аудару туралы өтініш айтылған ақпарат таратылуда. Бұл – жалған ақпарат екенін ресми түрде хабарлаймыз.

Белгісіз тұлғалардан жіберілген хабарламаларға сенбеуге, көрсетілген деректер бойынша қаражат аудармауға және күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге шақырамыз.

 

«QazIndustry» АҚ Комплаенс-қызметі