«Qazindustry» АҚ мамандары өңірлерде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының шарттары мен тетіктерін және кәсіпорындарды цифрландыру жолдарын түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Алдағы күндері мамандар Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларындағы бизнес-қауымдастық өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізеді. Кездесу барысында отандық өнеркәсіптің дамуына кедергі келтіретін түйткілді мәселелер де талқыланатын болады.
Өнеркәсіптік қауымдастықтар мен кәсіпорындардың өкілдерімен кездесулер келесі күндерге жоспарланған:
- Алматы-23 сәуір (15.00);
- Қонаев-24 сәуір (15.00);
- Талдықорған-26 сәуір (15.00).
Кездесулерге Qazindustry өкілдерінен бөлек IT-саласындағы серіктес компаниялардың да мамандары қатысады.
Аталмыш іс-шаралар «Qazindustry» АҚ және Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының ұйымдастыруымен өтеді.
Кездесудің өту орны және өзге де ақпаратты +7 702 852 8538 («Qazindustry» АҚ Индустриялық саясат дирекциясы) байланыс телефоны арқылы біле аласыздар.