Qazindustry өкілдері Қарағанды облысына іс-сапармен барды. Облыстық Кәсіпкерлер палатасында өткен семинарда Qazindustry мамандары мемлекеттік ынталандыру шараларын алудың шарттары мен тетіктерін түсіндірді, сондай-ақ кәсіпкерлерге өнеркәсіптің жай-күйі туралы Ұлттық баяндаманы әзірлеу аясында жүргізіліп жатқан сауланамаға қатысу мүмкіндіктері бар екендігі жеткізілді.
Qazindustry Бизнесті ынталандыру дирекциясының бас сарапшысы Айдана ӘДІЛСҰЛТАНИ кәсіпорындар монтаждауға және іске қосу жұмыстарына, шетелдік қызметкерлерді тартуға, мамандарды оқытуға, өнімді сертификаттауға жұмсалған қаражат шығындарының бір бөлігін өтей алатынынын атап өтті.
Сапар аясында Qazindustry Бизнесті ынталандыру, ТМК және химияны дамыту және Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту дирекцияларының өкілдері «Сарыарқа» АЭА аумағындағы бірқатар өнеркәсіптік өндірістер орындарына барды. Айтап айтар болсақ, «Seven Refractories Asia», «Polymet Solutions Corporation», «KamaTyres KZ», «Silk Road Electronics», «Абай тігін фабрикасы» және «Altynarna Geosynthetics» кәсіпорындарында болып, технологиялық процестермен және өнім ассортиментімен танысты.
Естеріңізге сала кетейік, бизнесті ынталандыру шаралары бойынша толығырақ ақпаратты аптаның әр бейсенбі күні QazIndustry кеңсесінде өтетін Ашық есік күніне келу арқылы, немесе біздің ресми сайт арқылы білуге болады. Біздің мекен - жайымыз: Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 17, Е блогы.