Qazindustry өкілдері Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларындағы көшпелі іс-шараларды аяқтады. Кездесулердің негізгі мақсаты бизнесті мемлекеттік ынталандыру, өнеркәсіпті цифрландыру шаралары туралы ақпаратты жеткізу, сондай-ақ отандық индустрияның дамуын тежейтін проблемаларды анықтауға бағытталған.
Qazindustry индустриялық саясат дирекциясының өкілі Әлішер Ерназаров кездесуде өнеркәсіптің 2023 жылғы жағдайы туралы ұлттық баяндаманың аспектілерін айтып, мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы ақпарат берді.
Цифрлық трансформация дирекциясы шақырған IT-серіктестер кәсіпкерлермен кәсіпорындарды табысты трансформациялау ережелерімен бөлісіп, өндірісті қалай цифрландыру керектігін және бизнес-аналитиканың (BI) пайдасы, Robotic Process Automation (RPA) өнеркәсіп үшін цифрлық көмекшілердің артықшылықтарын түсіндірді.
Кездесуді «Qazindustry» АҚ мен Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысының Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы ұйымдастырды.