Qazindustry, «Самұрық-Қазына Келісімшарт», «ERG Коммерциялық орталығы» және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өкілдері Павлодар қаласындағы бірқатар өндірістік кәсіпорындарға барды. Атап айтқанда, мамандар «Лакра» ЖШС, «Evooil Kazakhstan», «Rossdorcom kz», «Павлодар құбыр илемдеу зауыты» және «АзияАльянсТрейд» өндірістік алаңдарында болып, аталмыш кәсіпорындардың өндіріс процесімен және өнім номенклатурасымен танысты.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдерімен кездесу барысында өнімді өткізу нарықтарын игеру, жер қойнауын пайдаланушы компаниялармен ынтымақтастық және ұзақ мерзімді шарттар жасасу мүмкіндіктері талқыланды.
Отандық кәсіпорындарға «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ арқылы берілетін мемлекеттік ынталандыру шаралары таныстырылды.
Лак-бояу өнімдерінің ірі өндірушісі «Лакра» компаниясы еліміздегі жол-таңбалау эмальдарын өндіру бойынша көшбасшы болып табылады. «Evooil Kazakhstan» соңғы талаптарға сай жоғары технологиялық майларын шығарады. «Rossdorcom kz» компаниясы металл конструкцияларын (жол және көпір қоршаулары, пішіндеу жабдықтары, рельсті арбалар) шығарады. Павлодар құбыр илемдеу зауыты құбыр өндірісіне маманданған, «АзияАльянсТрейд» ЖШС құбырлар мен фитингтер шығарады.
Естеріңізге сала кетейік, QazIndustry тұрақты негізде кәсіпорындар мен ірі тапсырыс берушілер арасында ұзақ мерзімді шарттар жасасуға жәрдемдесу бойынша жұмыстар жүргізеді. Осы мақсатта ірі жер қойнауын пайдаланушылармен бірлесіп өндірістік кәсіпорындарға көшпелі турлар ұйымдастырады. Бұл формат тапсырыс берушілер (ірі операторлар) мен отандық жеткізушілер арасындағы іскерлік және сенімді серіктестік қатынастарды нығайтуға ықпал етеді.