QazIndustry кәсіпорындардың технологиялық құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсаған қаражатының 40 пайызын өтейді. Мәселен, цифрлық технологияларды енгізу бағыты бойынша 3D сканерлер мен 3D принтерлер, үлкен форматты принтерлер сияқты жабдықтарды сатып алуға байланысты шығындар өтеледі.
Мемлекеттік ынталандырудың жаңа түрі кәсіпорындарға технологиялық жабдықтар паркін жаңғырту жұмыстарын жүргізуге мүмкінді беретін болады.
Шығындарды өтеуге Qazindustry.gov.kz. порталы арқылы өтінім беруге болады. Сондай-ақ, аптаның әр бейсенбі күні QazIndustry кеңсесінде мемлекеттік ынталандыру шараларының тетіктерін түсіндіру бойынша Ашық есік күндері өткізіледі.