QazIndustry ұжымы "Таза Қазақстан" республикалық экоакциясына қатысты. Ағымдағы жылдың 18 мамыр күні QazIndusrty қызметкерлері Есіл өзенінің жағалауын қоқыстардан тазартып, аумақтың жасыл аймағын ретке келтірді.
Сенбілікке қатысушылардың пікірінше, экологиялық іс-шаралар қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеп қана қоймай, ұжымның ауыз бірлігін арттырады.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміздің барлық қалалары мен елді мекендерінде "Таза Қазақстан" ауқымды экоакциясы өтуде.
Тұрғындар көшелерді, саябақтар мен су аймақтарын қоқыстардан тазартады, ағаш отырғызады, тарихи ескерткіштер мен мұражай кешендерін абаттандырумен айналысуда.
QazIndustry ұжымы әрқашан экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдайды.