«СҚ-Фармация» Бірыңғай дистрибьютор алаңында отандық тауар өндірушілердің өкілдерімен, келісім-шарт бойынша өндіретін тапсырыс берушілермен және мамандандырылған бірлестіктердің өкілдерімен кездесу өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына фармацевтикалық компаниялардың басшылары мен өкілдері, «KAZAKH INVEST» ҰК АҚ, «Qazindustry» АҚ, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы», «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы», «Qazaqstan Investment Corporation» өкілдері қатысты. Спикерлер мемлекеттік қолдау шараларының шарттары мен тетіктері туралы түсіндірді.
Qazindustry өкілі Айдана Әділсұлтани өнеркәсіпті мемлекеттік қолдау мүмкіндіктері туралы айтып берді.
"QazIndustry кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыруға және өнімді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған шығындарының бір бөлігін өтейді. Яғни, Сіз жұмсаған қаражатыңыздың бір бөлігін қайтарып, оны компанияны одан әрі дамытуға бағыттай аласыз", - деп атап өтті спикер.
А. Әділсұлтани сондай-ақ кездесуге қатысушылардың кәсіпорындардың шығындарын өтеуге қатысты сұрақтарына жауап берді.
Естеріңізге сала кетейік, QazIndustry жыл бойы кәсіпорындар шығындарының бір бөлігін өтеуге өтінімдерді қабылдайды.