Мемлекеттік ынталандыру шараларына өтініштер online түрде ғана қабылданады

    Өнеркәсіптік кәсіпорындар өкілдерінің назарына!

    «QazIndustry» АҚ бизнесті ынталандырудың мемлекеттік шараларына өтінімдерді тек онлайн түрде – qazindustry.gov.kz ресми сайты арқылы және делдалдарсыз қабылдайды.

    Егер сіздерге мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша құжаттарды рәсімдеуге ақылы түрде қызметтер көрсетуді ұсынса, онда сіз алаяқтыққа тап болдыңыз. Мұндай жағдайларда QazIndustry Комплаенс-қызметіне +7 (7172) 79 33 90 немесе 79 33 99 (ішкі. 1055) хабарласу қажет.

    Естеріңізге сала кетейік, «QazIndustry» АҚ аптаның әр бейсенбі күні мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша ашық есік күндерін өткізеді. Ашық есік күндеріне Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, Е блогы, 4-қабат мекен-жайы бойынша қатысуға болады. Толығырақ келесі сілтеме арқылы білуге болады https://qazindustry.gov.kz/ru/article/2625-den-otkrytykh-dverey-kazhdyy-chetverg.

    Мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуға байланысты барлық сұрақтар бойынша +7 (7172) 79 33 90 немесе 79 33 99 (ішкі. 444), +7 778 171 2466, +7 708 554 8337, + 7 701 999 6986, +7 705 500 4929 байланыс телефондары арқылы немесе a.adilsultani@qazindustry.gov.kz электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.