QazIndustry цифрлық трансформация және Индустрия 4.0 бойынша тегін оқыту вебинарларына қатысуға шақырады

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен ағымдағы жылдың 14 маусымы мен 7 тамызы аралығында цифрлық трансформация және Индустрия 4.0 бағыты бойынша тегін оқыту вебинарларын өткізеді.

 

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері мен топ-менеджерлерін аталмыш оқыту вебинарларына қатысуға шақырамыз.

 

 Вебинарлардың негізгі мақсаты Индустрия 4.0 тұжырымдамасы және цифрлық технологияларды енгізу туралы түсініктерді қалыптастыру, сондай-ақ сарапшылармен пікір алмасу және өндірісте цифрлық трансформация құралдарын қолданудағы өзекті мәселелерін талқылау болып табылады.

 

Спикерлер өндірістік материалдардың сапасын бақылауға арналған жасанды интеллект жүйесі туралы, цифрлық корпоративтік қауіпсіздік мәселелері және өнеркәсіптік роботтарды енгізу мысалдарымен бөлісетін болады.

 

Сондай-ақ, вебинарлар барысында мамандар өнеркәсіпті цифрландыру бағыты бойынша мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы да толық ақпарат береді.

Өндірістік ортаға цифрлық шешімдерді енгізудің практикалық тәжірибелерімен және табысты кейстерімен AIDiagnostic, IDS Metra Robotics, tLab Technologies, ALGARYTM INTEGRATION, JK and Partners, CLEVER CRM, «Первый Бит» сияқты халықаралық және отандық компаниялардың өкілдері бөліседі.

 

Оқыту бейнеконференция форматында (Zoom платформасында) өтеді.

 

Вебинарларға қатысу үшін QazIndustry сайтындағы «Индустрия 4.0. Вебинарлар» бөліміндегі арнайы нысанды толтыру арқылы алдын ала тіркелу қажет (https://qazindustry.gov.kz/mission/vebinar/).


Вебинарлар кестесі және негізгі тақырыптар