QAZINDUSTRY-ДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНДЕРІ СЕЙСЕНБІ ЖӘНЕ БЕЙСЕНБІ КҮНДЕРІ ӨТЕТІН БОЛАДЫ

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы мемлекеттік ынталандыру шараларын түсіндіру мақсатындағы ашық есік күндерін жиірек, яғни аптасына екі рет, сейсенбі және бейсенбі күндері өткізетін болады.

Бизнес пен өнеркәсіп өкілдері QazIndustry кеңсесіне келіп, мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша тегін түрде толық кеңес ала алады.

Ашық есік күндеріне Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, Е блогы (4-ші қабат) мекенжайы бойынша QazIndustry кеңсесіне (сейсенбі және бейсенбі, сағат 9.00 - ден 17.30-ға дейін; түскі үзіліс - 12.30 - 14.00-ге дейін) келу арқылы offline немесе Zoom платформасы арқылы online түрде де қатысуға болады.

Толығырақ https://qazindustry.gov.kz/ru/article/2625-den-otkrytykh-dverey-kazhdyy-chetverg сілтемесі арқылы өтіп, оқи аласыздар.

Барлық сұрақтар бойынша +7 778 171 24 66,  +7 708 554 83 37 байланыс телефоны арқылы немесе a.adilsultani@qazindustry.gov.kz. поштасы арқылы хабарласуыңызға болады.