Ағымдағы жылдың 17 маусымы күні «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша дәріс сабағы өтті.
Комплаенс-қызметінің ұйымдастыруымен өткен кезекті оқыту дәрісіне Ақпараттық технологиялар дирекциясы, Цифрлық трансформациялау дирекциясы және бірыңғай байланыс орталығының мамандары қатысты.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары біздің орталықта тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Біз өз қызметкерлерімізге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтаудың маңыздылығы, сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың түрлері және олар үшін қарастырылатын жауапкершіліктер туралы айтып, түсіндіреміз», - деп атап өтті QazIndustry Комплаенс-қызметінің директоры Қанат Макуш.
Комплаенс-қызметі атап өткендей, мұндай дәріс кездесулер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.