2024 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша аммоний нитратының экспорты 6,6 есеге, 11-ден 72,1 мың тоннаға дейін ұлғайды. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ ТМК және химияны дамыту дирекциясы хабарлады.
«Экспорт көлемінің өсіміне Польша тарапынан сұраныстың үш есеге (7,2 - ден 21,9 мың тоннаға дейін) және Литва тарапынан - 11,8 есеге (1,6-дан 18,9 мың тоннаға дейін) ұлғаюы әсер етіп отыр», - делінген хабарламада.
Аммоний нитратын тұтынатын негізгі елдердің қатарына Польша (30%), Литва (26%) және Украина (14%) кірді.
Аммиак селитрасының негізгі отандық өндірушісі «ҚазАзот» АҚ (Ақтау) болып табылады.
Аммоний нитраты экспортының көлемі, тонна
Экспорт көлемі |
2023 жыл I тоқсан
|
2024 жыл I тоқсан
|
Өсім динамикасы |
Барлығы |
10 987 |
72 118 |
+6,6 есе |
оның ішінде |
|
|
|
Польша |
7 208 |
21 867 |
+3 есе |
Литва |
1 559 |
18 805 |
+11,8 есе |
Украина |
- |
10 500 |
- |
Аммоний нитраты (аммиак селитрасы) – барлық ауылшаруашылығы дақылдары үшін қажет макротыңайтқыш. Қазақстанда белсенді игерілетін барлық ресурс үнемдеу технологияларында кеңінен қолданылады.