QazIndustry мамандары «KazMinerals» және «Лукойл Лубрикантс Орталық Азия» компанияларының өкілдерімен бірге Алматы мен Алматы облысында орналасқан өндірістік кәсіпорындарға барды. Делегаттар «Елгезер Вэа Продактс», «Лукойл Лубрикантс Орталық Азия», «Майами Solar» компанияларының өндіріс орындарын аралап, өндіріс процесімен және шығарылатын өнім түрлерімен танысты.
Тараптар «KAZMinerals» кәсіпорындарына «Лукойл» және TebOil майлау материалдарын жеткізу мүмкіндігін қарастырып, «Лукойл Лубрикантс Орталық Азия» компаниясының майлау материалдарын (мобильді зертхана, мобильді және стационарлық май тарату станциялары, майлау материалдарын зертханалық сынау арқылы техниканың жай-күйін мониторингтеу) пайдалану кезінде сервистік қызметтер көрсету перспективасын, сондай-ақ климаттық жағдайларды ескере отырып, тұтынушылардың техникалық талаптары негізінде жағармай өндіру мүмкіндіктерін талқылады.