Қазақстанда жылу оқшаулағыш материалдар өндірісі 58,5 % - ға өсті

2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында жылу оқшаулағыш материалдар өндірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 58,5 % - ға өсті. 2023 жылдың алғашқы бес айында 26 808 тонна жылу оқшаулағыш материалдар өндірілсе, осы жылғы сәйкес кезеңде өнім көлемі - 42 482 тоннаны құрады.

Өндіріс көлемінің ұлғаюы Ақмола және Ақтөбе облыстарының үлесінен болды.

Еліміздегі жылу оқшаулағыш материалдардың негізгі өндірушілері «ПТК «Izoterm» (ШҚО), «Макинск Жылу оқшаулау зауыты» (Ақмола облысы),  «КазТермоГрупп» (Ақтөбе облысы) және т.б. кәсіпорындар.

 

Жылу оқшаулағыш материалдардың өндіріс көлемінің динамикасы

 

Өндіріс көлемі

2023 жылдың 5 айы

2024 жылдың            5 айы

Өсім

Қазақстан Республикасы, тонна

26 808

42 482

+58,5%

Ақмола облысы, тонна

4 484

11 917

+2,7 есе

Ақтөбе облысы, тонна

4 086

11 347

+2,8 есе

 

              Дереккөз: ҚР СЖРА ҰСБ, ҚР МКК.