QazIndustry III халықаралық сүт шаруашылығы және жемшөп өндіру форумына қатысты

4-5 шілдеде Астанада жем өндіру және сүтті өңдеудің ІІІ халықаралық «PRO Молоко‘24» форумы және «QazaqSut» көрмесі өтті. Іс-шараны «QazaqSut» республикалық сүт және жем-шөп өндірісі мал шаруашылығы палатасы, «QazaqSut» ІҚМ сүт және аралас тұқымдарының республикалық палатасы «AgroIndustryKZ» компаниясымен бірлесіп ұйымдастырды.

Форумға 250-ден астам сүт өнімдерін өндіретін ферма өкілдері және 50-ге жуық сүт өнімдерін өңдейтін кәсіпорындардың өкілі қатысты.

4 шілдеде форум аясында «Qazmilk Industry Invest’24» сүт бизнесіне қатысушылардың инвестициялық кездесуі өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ өкілдері, сондай-ақ израильдік AgriGo Group компаниясының басшылығы қатысты.

QazIndustry өкілі Айдана Әділсұлтани шараға қатысушыларға еңбек өнімділігін арттыруға және өнімді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шарттары мен тетіктері туралы айтып берді. Көптеген компаниялардың өкілдері мемлекеттік қолдауға қызығушылық танытып, QazIndustry-мен одан әрі ынтымақтастық үшін байланыс телефондарымен алмасты.