Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен QazIndustry Цифрлық трансформация және Индустрия 4.0 бойынша тегін оқыту вебинарлар жалғасуда.
Қатысушыларға вебинарлар кестесінің жаңартылғанын хабарлаймыз (2 тамызға арналған вебинар тақырыбы өзгертілді, 13 тамызға жаңа вебинар қосылды). Атап айтқанда, 2 тамызда «Первый Бит Астана» өкілдері өнімнің өзіндік құнын есепке алу және металл құрылымдары мен жолаушылар вагондарын өндіру есебін енгізу туралы толығырақ ақпарат беретін болады. Спикерлердің айтуынша, бұл жүйе өндіріс шығындарын оңтайландыруға тікелей әсер етеді. Ағымдағы жылдлың 13 тамызына жоспарланған вебинарда сарапшылар Mendix Siemens платформасында бизнес-қосымшаларды әзірлеу туралы толығырақ түсіндіретін болады, аталған платформа қағаз процестерін цифрландыруға, әртүрлі жүйелер арасындағы деректерді алу мен нақты уақыт режимінде ақпарат беру және тағы басқа мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
QazIndustry екі айға жоспарланған 11 вебинардың жетеуін (14 маусым мен 13 тамыз аралығында) өткізді. Вебинарға жалпы саны 175 сала өкілі қатысты. Қатысушыларға «Зертхананы басқаруды және өнім сапасын бақылауды автоматтандыру», «Сапаны бақылауға арналған жасанды интеллект жүйелері», «Өнеркәсіптік роботтарды енгізу», «Цифрлық қауіпсіздік», «Өтімділік пен төлем қабілеттілігін басқару», «Өнеркәсіптік активтерді басқару», «Мониторинг және қадағалау» сияқты бағыттар бойынша оқытылды.
Естеріңізге сала кетейік, вебинарлардың спикерлері AIDiagnostic, IDS Metra Robotics, tLab Technologies, «Первый Бит Астана», Algarytm Integration, Clever CRM және басқа да өндірісті автоматтандыру бойынша жетекші компаниялар болып табылады.
Алдағы вебинарларға қатысу үшін «Индустрия 4.0. Вебинарлар» https://qazindustry.gov.kz/mission/vebinar/ сайтындағы басты бетте бөліміндегі форманы толтырып, тіркеліңіз.