QazIndustry кәсіпорындарға барып тікелей консультациялар жүргізуді жалғастыруда. Өткен бейсенбіде Бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы Арстанбек Сағиев «Астана - жаңа қала» №1 Индустриялық парк –АЭА аумағындағы өндірістерге барды. Кәсіпорындар басшылығымен кездесіп, оларға шығындардың бір бөлігін, оның ішінде Технологиялық жабдықты сатып алуға бағытталған шығындарды өтеу тетіктерін түсіндірді. Шығындардың бұл жаңа түрі осы жылдың мамыр айынан бастап енгізілді.
Іскерлік сапар бағытындағы алғашқы кәсіпорын полимерлі құбырларды шығару бойынша «Kerim Plastic Pipes» ЖШС болды. Зауыт жаңа жабдықты жеткізуге дайындалуда. Арыстанбек Сағиев түсіндіргендей, кәсіпорынның жабдықты сатып алуға жұмсалған шығындардың 40% - өтеуге барлық мүмкіндігі бар.
«Біздің орталыққа өтініш берген кезде екі жылдық тарихи кезеңі бар жабдықтың құнын өтеуге болады», - деп атап өтті дирекция басшысы.
QazIndustry өкілі DAT-kz құрама темірбетон және бетон конструкцияларын және Uniton сауда белгісімен бұйымдарын шығаратын зауыт басшысымен келіссөздер жүргізді. Кәсіпорынның қуаттылығы – тәулігіне 500 текше метр өнім өндіреді. Темірбетон конструкциялары жергілікті құрылыс компаниялары үшін шығарылады.
«Мүмкін, он жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан және аяғын мықтап ұстайтын кәсіпорындар үшін шығындарды өтеу көлемі онша маңызды емес шығар. Бірақ жас өндірістер үшін бұл өте жақсы қолдау», - дейді директор Берік Құсайынов.
Арыстанбек Сағиев бірден ескерту жасады: ереже бойынша, егер жабдық Екінші деңгейдегі банктердің немесе қаржы институттарының, мысалы, өнеркәсіпті дамыту қорының жеңілдетілген кредиттік ресурстарына емес, кәсіпорындардың өз қаражатына сатып алынған жағдайда ғана мемлекеттен шығындарды өтеуге үміткер бола аласыз.
Гофрленген құбырлар шығаратын «Арыстан» зауытында да Мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл жерде жылына 15 мың тоннаға дейін өнім шығарылады.
Кәсіпорын өкілдері QazIndustry ұсынатын мемлекеттік ынталандыру шараларына үлкен қызығушылық танытып, кейбіреулері қажетті құжаттарды дайындау процесін бастап та кетті.
Сонымен қатар, кәсіпорындарға цифрлық стратегиялар әзірлеу қызметі ұсынылды. Мұндай стратегияның болуы өндірістерде IT-шешімдерді енгізуге жұмсалған шығындарды өтеудің міндетті шарты болып табылады. «Біздің сарапшылар сіздерге бұл стратегияларды тегін әзірлейді, жергілікті IT-компаниялардың өкілдерін кәсіпорындарға шақырады. Егер цифрлық шешімді қазақстандық бағдарламашылар әзірлеген болса, сіз өз шығындарыңыздың 40 емес, 50 пайызын өтей аласыз», - деп түсіндірді Арыстанбек Сагиев.