Шымкентте резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісіне инвестиция көлемі 12 есе артты

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Шымкентте резеңке және пластмасса бұйымдары секторына инвестиция көлемі 11,9 есеге - 239 млн теңгеден 2,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Мұндай жоғары өсім пластмасса плиталар, табақтар, құбырлар және профильдер өндірісіне салынған инвестициялар көлемінің 1149 есеге - 1 млн теңгеден 1,2 млрд теңгеге дейін ұлғаюы есебінен болып отыр.

 

Шымкенттегі резеңке және пластмасса бұйымдары секторына инвестициялардың серпіні, мың теңге

 

Көрсеткіштің атауы

2023 ж. қаңтар- маусым

2024 ж. қаңтар- маусым

өсім

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру

238 574

2 827 678

+11,9 есе

Пластмасса плиталар, табақтар, құбырлар және профильдер өндірісі

1 048

1 204 379

+1149 есе

 

Дереккөз: ҚР СЖРА ҰСБ және ҚМ МКК