«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен өнеркәсіптік кәсіпорындарға цифрлық трансформация және Индустрия 4.0 бағыты бойынша тегін оқыту вебинарларын ұйымдастырады. Кезекті оқыту циклі ағымдағы жылдың 14 шілдесі мен 13 тамызы күндері аралығында өтті. «QazIndustry» АҚ Цифрлық трансформация дирекциясының ақпараты бойынша, вебинарларға автоөнеркәсіп, жеңіл және химия өнеркәсібі, ТМК, тамақ өнімдерін өндіру бағыттарындағы 50 - ден астам кәсіпорынның 250-ден астам өкілдері қатысқан. Олардың қатарында Karlskrona, «СарыарқаАвтоПром», «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты», «Қазақмыс» сияқты өнеркәсіп нарығының ірі кәсіпорындары бар.
Вебинарлар барысында спикерлер ретінде AIDiagnostic, IDS Metra Robotics, tLab Technologies, ALGARYTM INTEGRATION, JK and Partners, CLEVER CRM, «Первый Бит» сияқты халықаралық және отандық IT-компаниялардың өкілдері болды. Олар қатысушыларға өнеркәсіпті цифрландырудың маңыздылығы мен артықшылықтары, өндірістік материалдардың сапасын бақылаудағы жасанды интеллект мүмкіндіктері, өндірістерде өнеркәсіптік роботтарды енгізу тәжірибесі, қоймаларды басқару жүйелері, бизнес-қосымшалар, күнделікті бизнес-процестерді роботтандыру үшін цифрлық қызметтерді пайдалану туралы айтып берді. Қазіргі күні бұл бағыттар өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар үшін маңызды болып, кәсіпорындар басшылығы осы жүйелерді өндіріске белсенді түрде енгізуде. Мысалы, вебинарлар барысында «Первый Бит Алматы» компаниясының өкілдері айтқан RPA немесе robotic process automation - бұл компьютерлік бағдарлама арқылы күнделікті бизнес-міндеттерді орындайтын технология. Яғни, роботтар бұрын адамның қатысуын қажет ететін операцияларды автоматтандырады. Осылайша, олар кәсіпорындарға өзге де стратегиялық міндеттерге уақыт бөлуге мүмкіндік береді.
«Вебинарлар өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрлық шешімдер мен жаңа технологиялар туралы ақпараттындыруға бағытталған білім беру іс-шаралары циклінің бөлігі болып табылады. Қазақстандық өнеркәсіптік кәіпорындар үшін бұл өнім өндірісі мен басқару процестерін жеңілдететін индустрия трендтері мен өзекті цифрлық шешімдер туралы эксклюзивті ақпаратты тегін алудың бірегей мүмкіндігі», - деп атап өтті QazIndustry-де.
Барлық өткен вебинарларды Qazindustry YouTube арнасынан келесі сілтеме бойынша көруге болады:https://www.youtube.com/@QazIndustry/videos.
Қазіргі уақытта QazIndustry алдағы күз айларына арналған жаңа вебинарлар кестесін құру бойынша жұмыстар жүргізуде және кәсіпкерлерден қызығушылық тудыратын тақырыптар мен спикерлер бойынша ұсыныстар күтуде.
Сонымен қатар, өңірлерде осындай кездесулерді бірлесе ұйымдастыру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындармен ынтымақтастыққа мүдделі және цифрлық технологиялар саласындағы өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісуге дайын IT-компаниялар шақырылады. Бұл IT-компаниялар үшін жаңа серіктестер табуға және өз шешімдерін көрсетуге жақсы мүмкіндік. QazIndustry мұндай бастамаларды белсенді қолдайды және ұсыныстарды қарауға әрқашан дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7172) 79-33-99 (ішкі. 1191) байланыс телефоны арқылы немесе a.serikpaeva@qazindustry.gov.kz почтасына хабарласуға болады.