Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздегі киім өндірісінің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 6,6 есеге өсіп, 1,3 млрд теңгені құрады.
Аталған секторға инвестиция тарту бойынша Шымкент қаласы көш бастап тұр. Қаңтар-маусым айларында мұнда киім өндірісіне 1,1 млрд теңге немесе жалпы елдік деңгейдің 83 % құрайтын инвестиция тартылған.
Мұндай жоғары өсім нәтижесі трикотаж және тоқылған шұлық-ұйық бұйымдарының (907,7 млн теңге) өндірісіне салынған инвестициялар көлемінің артуына байланысты болып отыр.
Көрсеткіштің атауы |
2023 ж. қаңтар-маусым |
2024 ж. қаңтар-маусым |
Өсім |
Республикадағы негізгі капиталға салынған инвестициялар |
204,3 |
1 341,5 |
+6,6 есе |
Шымкент қ. |
75,3 |
1 118,1 |
+ 14,9 есе |
Трикотаж және тоқылған шұлық-ұйық бұйымдарын өндіру |
- |
907,7 |
|
Дереккөз: ҚР СЖРА ҰСБ, ҚР МКК.