QazIndustry және Kazakh Invest өкілдері өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының өкілдері «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ өкілдерімен кездесу өткізіп, өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында тараптар атқаратын негізгі қызметтері туралы ақпаратпен және өңдеу өнеркәсібіндегі инвестициялық кейстермен бөлісті.

Компания өкілдері елішілік қажеттілік пен экспорттың барынша әлеуеті бар өнеркәсіп секторларына отандық және шетелдік инвестицияларды тарту бағыты бойынша бірлесе жұмыс атқару туралы келісті.

«QazIndustry» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдар Қожахметов акционерлік қоғамның негізгі қызметімен және өзі жетекшілік ететін салалар туралы ақпаратты жеткізді. Атап айтқанда, машина жасау, жеңіл және жиһаз өнеркәсібі, құрылыс материалдары және химия өнеркәсіптерінің дамуы туралы ақпараттармен бөлісті.

Өз кезегінде «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ жобалық менеджерлері QazIndustry мамандарын өз қызметтері мен атқарып жатқан жұмыстарымен толығырақ таныстыру үшін Kazakh Invest кеңсесіне шақырды.