«QazIndustry» АҚ Бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы Арстанбек Сағиев «Telecom Service PV» және «Qaz Rail» кәсіпорындарына барып, мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы айтты.
«Telecom Service PV» шыны бұйымдарын өндіруге маманданған. 2017 жылы құрылған компания шыны және айна бұйымдарын өндіру процесін үнемі жетілдіріп отырады.
«Qaz Rail» теміржол станциялары мен аралықтардағы пойыздардың қозғалысын басқару кезінде қолданылатын бағыттамалар мен сигналдарды микропроцессорлық орталықтандыру жүйелерін шығарады.
Кәсіпорындар басшылығымен кездесулерде А. Сағиев мемлекеттік ынталандыру шараларын алу шарттары мен тетіктері туралы ақпаратты жеткізді. Өнеркәсіптік кәсіпорындарға QazIndustry арқылы өз шығындарының бір бөлігін, атап айтқанда монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарына, шетелдік жұмыскерлерді тартуға, оқытуға, сертификаттауға, технологиялық жабдықтарды сатып алуға жұмсалған қаражаттарының бір бөлігін өтеу ұсынылды.
Кәсіпкерлер мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы толығырақ ақпарат алу үшін QazIndustry ғимаратында әр сейсенбі және бейсенбі күндері ұйымдастырылатын Ашық есік күндеріне қатысуға шақырылды.