Құрылыс материалдары өндірісіне инвестиция көлемі 33,2 % - ға артты

Ағымдағы жылдың жеті айының қорытындысы бойынша Қазақстанда құрылыс материалдары өндірісіне салынған инвестициялар көлемі 33,2 % -ға артты. 2023 жылғы қаңтар-шілдеде өңдеу өнеркәсібінің осы секторына 67,5 млрд теңге инвестиция тартылған болса, биылғы жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 90 млрд теңгеге жуық қаржыны құрап отыр. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібін және құрылыс материалдары өндірісін дамыту дирекциясы хабарлады.

Аталған секторға инвестиция тарту бойынша өңірлер арасында Алматы облысы көш бастап тұр. Осы жылдың алғашқы жеті айында өңірдің құрылыс материалдарын өндіру саласына 6,9 есе көп инвестиция салынған (өткен жылы 4 млрд теңге болса, биылғы жылы 27,5 млрд теңге). Мұндай жоғары өсім нәтижесі бетоннан жасалған құрылыс бұйымдары өндірісіне инвестициялар көлемінің артуына (+34,2 есе - 184,7 млн теңгеден 6,3 млрд теңгеге дейін) байланысты мүмкін болып отыр.

 

1-кесте. Құрылыс материалдары өндірісіне инвестиция тарту динамикасы, млрд теңге

 

2023

7 ай

2024

7 ай

Өсім

Қзақстан Республикасы

67,5

89,9

+33,2%

Алматы обл.

4

27,5

+6,9 есе

Дереккөз: ҚР СЖРА ҰСБ, ҚР МКК.