Қазақстанның ірі тау-кен металлургиялық компаниялары сатып алатын тауарлары мен қызметтеріндегі импортты алмастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары аясында а.ж. 2-3 қыркүйек күндері QazIndustry, ERG және «Қазмырыш» өкілдері «Қазақмыс» компаниялар тобына кіретін машина жасау кәсіпорындарына барды. Іс-сапар барысында делегаттар «Қазақмыс» кәсіпорындарында қолданылатын өндірістік процестер мен технологиялармен танысты. Олар кәсіпорындардағы жоғары сапа стандарттарын атап өтіп, бұл өз кезегінде ынтымақтастық мүмкіндіктерін тереңірек түсінуге ықпал ететінін жеткізді.
Сапар қорытындысы бойынша «Қазақмыс», ERG және «Қазмырыш» кәсіпорындары импортты алмастыру бағытындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат жергілікті машина жасау саласын дамыту және нығайтуға және импорттық жеткізілімдерге тәуелділігін төмендетуге бағытталған.
Мамандар атап өткендей, меморандумға қол қою өзара тиімділікті қамтамасыз ете отырып, отандық өндірістің өсуі мен дамуына ықпал етеді. Сондай-ақ, Қазақстанның тау-кен-металлургия саласындағы кәсіпорындар арасындағы әріптестік үшін жаңа перспективалар ашады.