2024 жылғы 4 қыркүйек күні Qazindustry Комплаенс-қызметінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дәріс сабақтары өтті. Кезекті оқыту дәрісіне акционерлік қоғамның бизнесті ынталандыру, өтінімдерді өңдеу және сараптау және АЭА және ИА дамыту дирекцияларының мамандары қатысты.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар бізде әр тоқсан сайын ұйымдастырылып отырады. Бүгінгі дәріске қатысушыларға заңнамалар аясындағы сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың түрлері және олар үшін қарастырылған жауапкершіліктер туралы айтылды»,- деп атап өтті «Qazindustry» АҚ Комплаенс-қызметі орталығының директоры Қанат Макуш.
Естеріңізге сала кетейік, QazIndustry-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру және оқыту іс-шаралары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әзірлеген №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытының талаптарын орындау аясында әр тоқсан сайын өткізіледі.