Qazindustry өкілдері мемлекеттік ынталандыру шараларын түсіндіру мақсатында сумен қамтамасыз етуге, кәріздерге және газдандыруға арналған полиэтилен құбырларын өндіретін елордалық «АКМ-пласт» кәсіпорнына барды.
«АКМ-пласт» полиэтилен мен PVC құбырларын шығарады. Кәсіпорын басшылығы алдағы уақытта технологиялық процестерін жетілдіруді жоспарлап отыр.
Бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы Арстанбек Сағиев кәсіпорындар өз шығындарының бір бөлігін, атап айтқанда монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарына, шетелдік жұмыскерлерді тартуға, оқытуға, сертификаттауға және т.б. жұмсалған қаражаттарын өтей алатындарын хабарлады. Сондай-ақ, өнеркәсіп субъектілері сатып алынған технологиялық жабдық құнының 40 % -на дейін өтей алады.
Кәсіпорын өкілдеріне мемлекеттік ынталандыру шаралары жайлы толық ақпарат алу үшін QazIndustry-де (әр сейсенбі және бейсенбі сайын) өткізілетін Ашық есік күніне қатысу ұсынылды.