Qazindustry өкілдері Kazakhstan Aselsan Engineering кәсіпорнына барып, өндірістік процестермен және шығарылатын өнім ассортиментімен танысты. Мұнда оптикалық құрылғылар, платалар, радиобайланыс және ескерту жүйелері шығарылады.
Сапар барысында QazIndustry өкілеріне Midas созылмалы учаскілерді күзетудің дабыл жүйесі және «Уран» мемлекеттік басқару органдары мен халықты орталықтандырылған құлақтандыру жобалары таныстырылды.
Өндірістік желілерден басқа, KAE-де әртүрлі температурада объектілердің жұмысын тексеруге болатын сынақ зертханалары бар. Айта кететіні, кәсіпорынның зертханаларында жүргізілетін сынақтар барлық адамдар үшін қол жетімді.