Жалпақ прокат өндірісі 30% - ға өсті

 

2024 жылдың жеті айында елімізде жалпақ прокат өндірісінің көлемі 29,8 %-ға ұлғайды. Жоғары көрсеткіш Қарағанды облысында өнім өндірісінің 1 421,1 мың тоннадан 1 844,8 мың тоннаға дейін өсуі есебінен қамтамасыз етіліп отыр. Аймақ республика бойынша жалпақ прокат өндірісінде 100% үлеске ие көшбасшы болып табылады. Оның негізгі өндірушісі – жылына 5,9 миллион тонна өнім шығаратын «Qarmet» АҚ.

Айта кетейік, жалпақ прокат – бұл болаттан жасалған төртбұрышты пішінді металлопрокат бұйымдары. Жалпақ прокатқа ең үлкен сұраныс металлургия өнеркәсібінде байқалады. Сондай-ақ, ол жиһаз, құбыр, машина жасау, автокөлік және тұрмыстық бұйымдар өндірісінде қолданылады.

 

Жалпақ прокат өндірісінің көлемі

 

2023 жылғы қаңтар-шілде

 

2024 жылғы қаңтар-шілде

 

Өсім динамикасы

ҚР өндіріс көлемі,

мың тонна

1 421,4

1 845,3

+29,8%

Қарағанды обл.,

мың тонна

1 421,1

1 844,8

+29,8%

Дереккөз: ҚР СЖРА ҰСБ, ҚР МКК