Өнеркәсіптік кәсіпорындарға мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында QazIndustry өкілдері «Фирма Алкон+» компаниясына барды. 24 жылдық тарихы бар кәсіпорын заманауи алюминий және металл пластик конструкцияларының жетекші елордалық жеткізушілерінің бірі болып табылады.
Компанияның 5000 шаршы метр аумақты қамтитын өз өндірістік базасы бар және еуропалық Elumatec компаниясының жоғары сапалы жабдығымен жабдықталған. Кәсіпорын Қазақстанда алғашқылардың бірі болып қасбеттерді элементтік әйнектеу жүйесін өндіру мен монтаждаудың инновациялық технологиясын енгізген. Жоғары технологиялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету компанияға ең күрделі әйнек жобаларын жүзеге асыруға, шыныдан жасалған жарық өткізгіш конструкциялар, жарық күмбездерін, атриумдарды шығаруға мүмкіндік береді.
«QazIndustry» АҚ Бизнесті ынталандыру дирекциясының мамандары кәсіпорын өкілдеріне мемлекеттік ынталандыру шаралары аясында зауыт өз шығындарының бір бөлігін, атап айтқанда, монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарына, шетелдік жұмыскерлерді тартуға, персоналды оқытуға, өнімді сертификаттауға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтей алатындықтары туралы ақпаратты жеткізді.
Кездесу соңында «Алкон+» өкілдеріне мемлекеттік ынталандыру шаралары жайлы толық ақпарат алу үшін QazIndustry-де (әр сейсенбі және бейсенбі сайын) өткізілетін Ашық есік күніне қатысу ұсынылды.