QazIndustry қызметкерлері кәсіпорындарға барып, мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Бұл жолы бизнесті ынталандыру және экономикалық интеграция дирекцияларының мамандары IHT Central Asia медициналық бұйымдар өндіретін қазақстандық-испандық кәсіпорынға барды. IHT CA науқастардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін еуропалық стандарттарға сәйкес технологиялық шешімдер әзірлейді.
Кәсіпорын интервенциялық кардиологияға арналған медициналық бұйымдарды өндіруге маманданған. Атап айтқанда, мұнда миокард инфарктісінің алдын алу және оны емдеу үшін қолданылатын коронарлық стенттер мен баллондарды шығарады.
IHT Central Asia өз өнімдерін отандық нарықтан тыс, Орталық Азия мемлекеттеріне – Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркменстан, сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне экспорттайды.
QazIndustry өкілдері өндірістік процестермен және өнім ассортиментімен танысты. Олар кәсіпорынның мемлекеттен бірқатар бағыттар бойынша, атап айтқанда, технологиялық жабдық сатып алу, өнімділікті арттыру, шетелдік мамандарды тарту сияқты шығындарының бір бөлігін өтей алатындықтары туралы ақпаратты жеткізді.
Кездесуде шығындарды өтеу шарттары және оған қажетті құжаттар туралы толық ақпарат берілді.
Сондай-ақ, IHT CA-ның топ-менеджерлері мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы толығырақ ақпарат алу үшін QazIndustry-де (әр сейсенбі және бейсенбі сайын) өткізілетін Ашық есік күндеріне шақырылды.