2024 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Қазақстанда жүк вагондарының өндірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6 есеге өсті. Осы кезеңде 590 жүк вагоны шығарылды.
Өндірістің жоғары өсім көрсетуі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тарапынан жүк және жолаушылар вагондарына тапсырыстың және «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС локомотив паркін жаңарту бағдарламасын іске асыруына байланысты болып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда жүк вагондарының негізгі өндірушілері «ЗИКСТО» АҚ және «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС болып табылады.
фото: «ҚТЖ» ҰК» АҚ