2024 жылдың 17-18 қыркүйегі аралығында Алматыда ірі салалық 29-шы Орта Азиялық Халықаралық «Тау-кен жабдығы, рудалар мен минералдарды өндіру және байыту» Mining And Metals Central Asia 2024 көрмесі және 20-шы Қазақстандық Халықаралық «Жол және Өнеркәсіптік құрылыс, Коммуналдық техника» Kazcomak 2024 көрмелері өтті. Көрме жұмысына «QazIndustry» АҚ Машина жасау саласын дамыту және ТМК мен химия саласын дамыту дирекцияларының мамандары қатысты.
Тау-кен металлургия кешені мен жол-коммуналдық шаруашылыққа арналған соңғы технологиялар мен әзірлемелерді, соның ішінде тау-кен өнеркәсібіне, тау-кен байыту комбинаттарына арналған машиналар, жабдықтар, тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігін, цифрландыру мен автоматтандыруды қамтамасыз ету шешімдерін 34 елден 402 компания ұсынды, олар: Австралия, Австрия, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Иран, Ирландия, Испания, Италия, Қазақстан, Канада, Кипр, Қытай, Литва, Норвегия, БАӘ, Польша, Ресей, Сингапур, Словения, АҚШ, Түркия, Финляндия, Франция, Швейцария, Швеция, Оңтүстік Африка, Оңтүстік Корея, Чехия, Чили, Өзбекстан, Украина өндірушілері ұлттық стендтерін ұсынды.
Qazindustry мамандары Швециялық бұрғылау ұңғымаларын зерттеуге арналған гироскопиялық жабдық өндірушісі Stockholm Precision Tools компаниясымен Қазақстанда өндірісті локализациялаудың мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы алдын ала келіссөздер жүргізді.
Көрмеде қазақстандық өндірушілер «Силумин-Восток», «АзияФильтр», «KSP Steel» және басқа да компаниялардың стендтері ұсынылды.
ТМД-дағы тау-кен металлургия саласына арналған қатысушылар мен келушілердің құрамы бойынша ең ауқымды халықаралық көрме әлемнің түкпір-түкпірінен мамандарды тартып отыр. Көрмеге деген қызығушылықтың артуы өнеркәсіптің қарқынды дамуы, отандық өндірісті қолдау шаралары және 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы Қазақстанның тау-кен металлургия саласының экспорттық потенциалдың артуымен тікелей байланысты.
QazIndustry өкілдері қатысушы компаниялардың өнім ассортиментімен танысып, өз қызметтерін отандық өндірушілерге таныстырды.