Өнеркәсіп кәсіпорындарының 1 млрд теңгеден астам теңгеге шығындары өтелді

 

2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы арқылы отандық кәсіпорындардың 1 млрд 3 млн теңгеге шығындарының бір бөлігі өтелді. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ бизнесті ынталандыру дирекциясы хабарлады.

Айтап айтар болсақ, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындар бойынша өтелген қаржы сомасы 982,9 миллион теңгені құрады. Өңірлік бөліністе бұл бағыт бойынша өтінімдердің басым бөлігі Алматы қ. (104), Алматы облысынан (77),  Шымкент (73) және Астана (64) қаласының кәсіпорындарынан түскен.

Сонымен қатар, өнімдерді ішкі нарыққа ілгерлетуге бағытталған мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша өтелген сома 20,1 миллион теңгені құрады. Өтінім беру бойынша көшбасшы өңірлер Батыс Қазақстан, Қостанай облыстары және Алматы қаласы болды.

Салалық бөліністе екі бағыт бойынша өтінімдерді көбінесе машина жасау, тамақ және сусындар өндірісі,  жеңіл өнеркәсіп және металлургия секторындағы кәсіпорындар жіберген.  

Естеріңізге сала кетейік, отандық кәсіпорындар «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы арқылы еңбек өнімділігін арттыру және өнімдерді ішкі нарыққа ілгерілету бойынша мемлекеттік ынталандыру шараларын ала алады.

Мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы толық ақпаратты https://qazindustry.gov.kz/ru/business_support  сілтемесі арқылы немесе аптаның әр сейсенбі және бейсенбі күндері QazIndustry кеңсесінде (Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 17, Е блогы) ұйымдастырылатын Ашық есік күндеріне келу арқылы білуге болады.

Қосымша ақпарат үшін +7 (7172) 79 33 99 (ішкі 444) байланыс телефонына хабарласуға болады.