Алматылық кәсіпорынға технологиялық процестерін жетілдіруге жұмсалған шығындары өтелді

ТОО «Казстатинформ»

 

Қазақстанда, әсіресе ірі қалаларда, әртүрлі тауарларды, атап айтқанда сусындар, газдалған су, фармацевтикалық препараттар, жеке гигиена құралдары, тұрмыстық химия, консервілер, мұздатылған тағамдар, фаст-фуд, лак-бояу өнімдері, сондай-ақ нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді өндіру белсенді дамып келеді. Медициналық орталықтар, дәріханалар, кофеханалар, мейрамханалар мен асханалар көптеп ашылып, шай, аяқ киім және киім өндірушілердің саны артуда. Мұндай кәсіпорындарға өз бизнесін қолдау және дамыту үшін сапалы полиграфиялық және қаптау өнімдері қажет.

Осы нарықта лайықты орын алып отырған Алматылық «Казстатинформ» компаниясы 21 жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп келеді. Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы аталмыш кәсіпорынға технологиялық процестерін жетілдіру мақсатында жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу үшін 47,2 млн теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетті. Өндірісті модернизациялау жобасын жүзеге асыру мақсатында Қытай, Түркия және Еуроодақ елдерінің бірқатар кәсіпорындардың ұсыныстары зерттеліп қаралды. Нәтижесінде, қытайлық Zhejiang WEIGANG Technology Co., Ltd. компаниясы таңдалды.

Қытай компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылған технологиялық процестерді жетілдіру «Қазстатинформ» жұмысын жаңа деңгейге шығарды. Жаңа жабдық технологиялық режимнің ақаулары мен ауытқуларын тез жоюға,  сондай-ақ алдымен сынақ жабдығында басып шығару және бояу жобаларын жасауға мүмкіндік береді. Бұл дағдыларға кәсіпорын өз қызметкерлерін оқытып, олардың біліктілігін едәуір арттырды.

 Айта кететіні, «Казстатинформ» – полиграфиялық қызметтердің толық циклін ұсынады және қаптау өнімдерін шығарады. Кәсіпорын ай сайын 4,5 миллионнан астам дайын өнім шығарады, ал ассортименті 35-ке жуық өнім түрін қамтиды. Компанияда 15 білікті маман жұмыс істейді.

«Қазстатинформ» өкілдері мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы ақпаратты QazIndustry қызметкерлерінен кәсіпорындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында білген. Компания өтелген қаражатты өндірісті одан әрі жаңғыртуға бағыттауды жоспарлап отыр.

Кәсіпорынның қызмет профиліне тоқталатын болсақ, полиграфиялық өнімдерді шығаратын кәсіпорындарда мемлекеттік ынталандыру шараларына өтінім бере алады. Бұл бағыттағы кәсіпорындар экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінде (ЭҚТЖЖ)  «Өңдеу өнеркәсібі» кіші бөліміне жатады және «Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту" (ЭҚТЖЖ 18) опцияларына біріктірілген.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері (қаңтар-қыркүйек) QazIndustry арқылы отандық кәсіпорындардың 1 млрд 3 млн теңгеге шығындарының бір бөлігі өтелді.